
Интернетті бақылау барысында тәртіп сақшылары 56 жастағы жергілікті тұрғын Еркен Жантыкпаевтың қоғамда теріс пікір туғызатын бейнематериалдар жариялағанын анықтады.
Ол әлеуметтік желіде әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы контент таратқан.
Сот шешімімен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды. Қазіргі уақытта ол әлеуметтік желідегі аккаунттарын жойған, ал полиция тарапынан бақылау жалғасуда.
Құқық қорғаушылар мұндай әрекеттер заңға және қоғамдық тәртіпке қайшы екенін атап өтіп, ережелерді бұзған жағдайда қатаңырақ жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді қолданғанда заң талаптарын сақтауға шақырды.
В Атырау +27.1