Атырау, 8 шілде 15:25
 дождьВ Атырау +29.1
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Қазақстан шетелдік банктерден 500 млрд теңге қарыз алады

120 рет қаралды

Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банк пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы көлемі 154,6 млрд иен (шамамен 500 млрд теңге) қарыз тартуды жоспарлап отыр, деп жазады Всемирное шежiре телеграм-каналы.

Бұл қаражат республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға бағытталады. Сарапшылардың айтуынша, мемлекет осылайша тауарлар мен қызметтердің нақты өзіндік құны мен халыққа ұсынылатын төмендетілген тарифтердің арасындағы айырмашылықты жабуға мәжбүр.

Экономист Олжас Байдильдиновтың пікірінше, суверенді қарыздың өсуі елдің әлеуметтік бағаларды ұстап тұру саясатына тікелей байланысты. Льготалық кезең бес жылға белгіленген, сондықтан Қазақстанға қарызды қайтару міндеті 2030-жылдардың басында туындайды.

Үш негізгі бағыттағы «жасанды әл-ауқат»

  • Коммуналдық тарифтер. Бағалар ұзақ уақыт бойы саяси себептермен төмен ұсталды, нәтижесінде жылу электр станциялары мен желілердің тозуы 70–80%-ға жетті. Қазір «Тариф инвестицияға айырбас» бағдарламасы іске қосылып, алдағы жылдары тарифтердің жыл сайын 15–25%-ға өсуі күтілуде.

  • Жанармай бағасы. Қазақстандағы бензин мен дизель бағасы ТМД елдері ішінде ең төмен деңгейде қалып отыр. Бұл көрші елдерге «көлеңкелі экспортты» күшейтуде. Энергетика министрлігі бағаны біртіндеп теңестіру қажеттігін мәлімдеді.

  • Жеңілідк бағдарламалар мен ипотека. «7-20-25» және басқа жеңілдетілген бағдарламалар инфляцияны күшейтіп, тұрғын үй бағасын өсіріп отыр. Ұлттық банк мемлекет бұл нарықтан біртіндеп кетуі тиіс екенін айтып келеді. Болашақта жеңілдетілген ипотека тек әлеуметтік әлсіз топтарға ғана қолжетімді болады.

Әлеуметтік саясаттағы өзгеріс

Сарапшылардың айтуынша, бірден нарықтық жүйеге көшу қауіпті, бірақ жалпы субсидиялар жүйесін қысқарту процесі басталып кетті. Қазақстан алдағы уақытта атаулы әлеуметтік көмекке толық көшуді жоспарлап отыр.

Бұл шешім елдің қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталғанымен, халық үшін тарифтердің өсуі мен жеңілдіктердің қысқаруы жаңа әлеуметтік сынақтарға алып келуі мүмкін.

Бүгін, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.