Атырау, 3 шілде 13:15
 дождьВ Атырау +28.2
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08

Атырауда келін туыстарының үйінен 3,7 млн теңгенің алтынын ұрлап әкеткен

67 рет қаралды

Жас әйел екі айдан астам уақыт бойы үйден сырға, жүзік пен алқаларды байқатпай алып шығып, ломбардқа өткізіп отырған.

Сот мәліметінше, Атыраудың 23 жастағы тұрғыны күйеуінің отбасымен бір үйде тұрып жатып, қайын сіңлісі мен абысынына тиесілі алтын бұйымдарды біртіндеп ұрлап, ломбардқа тапсырған.

Ұрланған заттардың арасында сырғалар, жүзіктер мен алқалар бар. Екі жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 3,7 млн теңгені құрады. Әйел сотта қолға түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Туыстары алтындардың жоғалғанын бірден байқамаған. Басында олар үйге ұры түсті деп ойлап, тіпті бұл мәселені отбасылық чатта талқылаған. Кейінірек әшекейлердің жоғалуына өз келіндерінің қатысы бар екені белгілі болды.

Сотта әйел кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Жәбірленушілердің бірінің сөзінше, ұрланған 13 әшекейдің тек алтауы ғана қайтарылған, оның өзінде кейбірі бүлінген. Қалған алтындар әлі табылған жоқ.

Сот әйелді ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу және пробациялық бақылау жазасын тағайындады. Бұдан бөлек, сот одан жәбірленушілердің бірінің пайдасына 2,7 млн теңгеден астам материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.