Атырау, 18 сәуір 06:15
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Дидар тағы да алтын ұтты!

4 781 просмотра

Естеріңізде болса, «Қайсар» спорт клубының 16 жастағы шәкірті Дидар БОЛАТОВ Еуропа чемпионатына үміткерлерді іріктеу кезеңіндегі ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і күні аралығында Астана қаласында ересектер арасында муайтайдан өткен  республикалық чемпионатында ҚР-ның чемпионы атанған болатын. Енді міне, ол тағы да чемпион атанып, елге алтын арқалап қайтты.

Астанада өткен спорт додасында жеңіске жеткен 45 келі салмақ дәрежесіндегі Дидар Болатов пен 48 салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегер Арман Арыстанбеков ҚР-ның құрамасына еніп, сәуір айының 1-і мен 22-сі күні аралығында Алматы қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, Қазақстан құрама командасымен сәуірдің 23-і мен 29-ы аралығында Түркия елінің Анталия қаласында муайтайдан өткен Еуропа чемпионатында бақтарын сынасқан еді.

Жеті күнге созылған ірі додаға 45 Еуропа елі қатысып, жалпы саны - 400-дің үстіндегі спортшы бастарын қосты.  

Қазақстан құрамасында үш жаттықтырушы: Фархат, Елхан Агланкуловтар (Алматы), Нұралы Әубәкіров (Астана), сондай-ақ, бір төреші Нұрберен Әміржанов (Атырау) пен 10 спортшы болды. Спортшыларымыз 2 алтын, 2 күміс, 5 қоламен оралды.

Жалпы Қазақстан құрамасы командалық есепте Белоруссия, Украина, Ресейден кейін 4-ші орынға табан тіреді.

Дидар Болатов ересектер арасында Атыраудан шыққан алғашқы Еуропа чемпионы!

«Қайсар» спорт клубының бапкерлері оқу-жаттығу жиынына қаржылай көмек көрсеткен облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына алғыс білдіреді.

«Қайсарлықтар» ендігі кезекте тамыз айында Алматы қаласында өтетін ҚР-ның кубогына және қыркүйек айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін муайтайдан Әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр.  

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

4 мамыр 2011, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.