24 қазанда Атырау облысында 8 қарашаға дейін жалғасатын «Заң және билік» акциясы басталды. Мақсат – қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді анықтау.
Облыстық прокуратура хабарлағандай, жыл басынан бері өкілетті органдардың 62 заңсыз тексеру жұмыстарына жол берілмеді. Мобильдік топтарға 54 дабыл түсіп («Бизнес тірегі сайтынан - 52), оның 14 фактісі расталды. Сол жерлерге шығып, 17 тексеру жұмысы жүргізіліп, кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 14 фактіге жол берілмеді.
Өз құқықтары бұзылған жағдайда кәсіпкерлер 27-08-05 сенім телефоны бойынша хабарласа алады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА