
Қазақстанның су қоймаларында шағын СЭС салу жобалары әзірленіп жатыр. Жобалар бірнеше өңірді қамтиды.
«Қазсушар» мекемесі шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, олар:
- Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында;
- Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында;
- Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында.
Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізілуде.
"Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған. Жоспарды іске асыру нәтижесінде жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді", - деді Е.Ибрайханов.
Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан».
«Жасыл» энергетиканы дамытумен қатар, министрлік экология мәселесіне де баса назар аударып келеді. Осылайша, 23 наурызда «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды акция бастау алды. Оның аясында еріктілер мен мемлекеттік органдар бүкіл ел бойынша бұлақтардың көзін ашу және тазарту жұмыстарымен айналысады.
В Атырау -10