Атырау, 16 наурыз 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Абай облысында танысының атына онлайн-несие рәсімдеген әйел ұсталды

64 рет қаралды

Абай облысының 41 жастағы тұрғыны танысына сеніп, берешек болып қалды. Танысы жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, оның орнына әйелдің атына несие ресімдеп жіберген.

Оқиға Аягөз ауданында болған. Іс материалдарына сүйенсек, Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жәбірленушіге жұмыс тауып беруді ұсынған. Осы сылтаумен ол әйелдің ұялы телефонын қолына түсірген.

Мүмкіндікті пайдаланған күдікті онлайн-сервис арқылы жәбірленушінің атына несие рәсімдеген. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. Ауыл тұрғыны банкке қомақты сома қарыз екенін біраз уақыт өткеннен кейін ғана білген.

Полиция қандай шара қолданды?

Жәбірленушінің арызынан кейін жедел уәкілдер күдіктінің кім екенін анықтады. Әйелдің іс-әрекеті «Алаяқтық» бабы бойынша сараланды. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қалай алданбау керек?

Полиция қазақстандықтарды тағы да сақ болуға шақырады. «Ұялы телефондарыңызды, құпия сөздеріңізді және жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға, тіпті олар сіздің танысыңыз болса да, ешқашан бермеңіздер. Қазіргі банктік қосымшалар қарызды санаулы минуттарда рәсімдеуге мүмкіндік береді, қаскөйлер де осыны пайдаланады», — деп ескертті тәртіп сақшылары.

Бүгін, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.