
Ресей порттарына келетін танкерлер, оның ішінде қазақстандық мұнай тиелген танкерлер жарылғыш құрылғылардың және күдікті заттардың бар-жоғына тексеріледі, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана телеграм арнасы.
Тиісті қаулыны РФ Үкіметі қабылдады. 2025 жылдың шілдесінде Ресей Президенті өз жарлығымен шетелдік кемелердің Ресей порттарына ФҚҚ-нің рұқсатымен ғана кіруіне рұқсат етті.
Үкімет бекіткен жаңа тәртіпке сәйкес порт капитаны кеме кіруге сұрау алғаннан кейін бір сағат ішінде бұл туралы ФҚҚ органына хабарлап, кеме кірген соңғы 10 порт туралы ақпарат беруі тиіс. 48 сағат ішінде арнайы қызмет кіруге рұқсат беруі немесе бас тартуы керек. Бұл ретте ФҚҚ кеменің су асты бөлігін жарылғыш заттардың бар-жоғына тексеруді талап етуі мүмкін. Тексеруді ұйымдастыру жауапкершілігі порт операторына жүктеледі, ал ол өз кезегінде кеме иесінен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Қаулыдан көрініп тұрғандай, тексеруді сүңгуірлер мен тиісті техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыру қажет, ал табылуы мүмкін жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру армия мен арнайы қызметтерге жүктеледі.
Жүк жөнелтушілер қызмет құны 300 мыңнан 1 млн рубльге дейін жететінін айтады. Жаңа талап соңғы күндері Қара теңізде танкерлерге жасалған үш шабуыл аясында қойылды. Росморречфлоттың мәліметінше, өткен жылы шетелдік кемелер РФ порттарына 26,7 мың рет кірді, оның ішінде:
- Новороссийскке - 4,36 мың.
- Усть-Лугаға - 2,75 мың.
В Атырау -1