Атырау, 5 желтоқсан 07:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

233 рет қаралды

1 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілері қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.

Бұл талап қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін арттыру үшін қойылып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қысқы дөңгелекке ауыстыру міндеті заң талабында қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-тармағында «Егер көлікте қауіпсіздікке әсер ететін ақаулар болса немесе техникалық талаптарға сай келмесе, оны жүргізген адамға айыппұл салынады» деп көрсетілген.

Синоптиктер ескерткендей, қар жаумаған күннің өзінде суықта жазғы шиналар қатайып, жолға жабысуы әлсірейді. Бұл көліктің тежелуін қиындатады.

Техникалық регламентке сәйкес протектордың ең аз рұқсат етілген тереңдігі:

   • жазғы шиналарда – кемінде 1,6 мм;
   • қысқы шиналарда – кемінде 4 мм.

Тәртіп сақшылары автокөлік иелерін жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, әсіресе, жыл мезгіліне сәйкес доңғалақтарды уақытында ауыстыру және көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеру жол-көлік оқиғаларының алдын алудың басты шарты саналады.

2 желтоқсан, 01:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.