Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Иесіз жануарлар қауіп төндіруде: Атырау полициясы бақылауды күшейтті

362 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысында ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаю фактілері айтарлықтай артқан.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері облыста ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша малды қараусыз жаю ережесін бұзуға қатысты 790 әкімшілік хаттама рәсімделген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 554 болған.

Полиция департаменті жануарлар өзге адамдардың мүлкіне зиян келтірген жағдайда мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және келтірілген шығынның толық өтелетінін атап өтті.

Атырау облысы ПД-ның аға инспекторы Дулат Оразғалиевтің айтуынша, иесіз жүрген малды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары күн сайын патрульдеу жұмысын жүргізеді, сондай-ақ бейнебақылау жүйелері мен дрондарды пайдаланады. Тұрғындардан келіп түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады. Сонымен қатар «Белсенді азаматтар 06» Telegram чатына жолданған өтініштер жедел түрде полицияға жеткізіліп, мәселелердің дер кезінде шешілуіне жағдай жасайды.

Қала тұрғындары аумақта қараусыз жүрген малды байқаса, 102 нөміріне қоңырау шалып немесе учаскелік полиция пунктіне тікелей хабар бере алады.

2 желтоқсан, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.