Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​УЕФА стандарттары - өңірде: Атырау облысында ​жаңартылған стадион іске қосылды

Сурет
310 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан футбол федерациясының ALAÑ жобасы аясында Атырау қаласындағы «Томарлы» стадионының футбол алаңы қайта жаңғыртудан өтті. Бұл 2025 жылы реновацияланған 9-алаң.

ALAÑ жобасы спорт инфрақұрылымын қазіргі стандарттарға сай жаңартуға бағытталды. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде «Томарлының» алаңы толық қауіпсіздік талаптарына бейімделіп, заманауи спорт нысаны ретінде қайта ашылды.

Салтанатты шараға ҚФФ өкілдері Нұрсұлтан Еламанов, Сергей Попов, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов және қала тұрғындары қатысты.

Жаңа алаң жабындысы УЕФА және ФИФА стандарттарына сай төселген. Сондай-ақ алаң шетіндегі қоршаулар, қауіпсіздік белдеулері мен инженерлік-инфрақұрылым да жаңартылды.

Жаңартылған стадион Томарлы ауылындағы жастар мен тұрғындарға спортпен тұрақты айналысуға кең мүмкіндік беріп, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.


1 желтоқсан, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.