Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қашағандағы ГӨЗ-де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады

278 рет қаралды

Атырау облысында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 2000-нан астам маман жұмылдырылған. Оның 1474 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 140 маман тартылған. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 346-дан астам техника жұмылдырылған. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  • Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
  • Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
  • РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
  • Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда, атап айтсақ, оларға қызмет көрсету алаңдары мен АБК блогы кіреді;
  • Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
  • 20-шы титулда резервуарлардың гидравликалық сынақтары аяқталды.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

  • Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 57 415м³ (прогресс 75,9%)
  • Металл конструкцияларының монтажы: 6 834 тонна (33,8%)
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 495 тонна (46,4%)
  • Резервуарларды монтаждау: 1 819 тонна (91,1%)
  • Жерасты құбырларын жүргізу: 23 176 м (48,9%)

"QazaqGaz" ҰК" АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.

1 желтоқсан, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.