Атырау, 5 желтоқсан 07:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ТЖМ тікұшағы Құрманғазыдан Атырауға науқасты жеткізді

382 рет қаралды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан 47 жастағы ер адамды Атырау қаласына шұғыл медициналық тасымалдауды жүзеге асырды.

Экипаждың жедел әрекеті мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Атырауға қонғаннан кейін пациент бірден дәрігерлерге тапсырылып, облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» күрделі әрі шұғыл жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуді жалғастырып, өмірді сақтауға бағытталған маңызды миссиясын атқаруда.

28 қараша, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.