Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда «Тағылым» жеке мектебінің оқушысы жарақат алып, тексеріс басталды

519 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Отбасы оқиғаны тек кешке білді, ал оқиға күндіз болған. Әлеуметтік желілерде мұғалімдер оқиғаның ізін жасырып, оқушыларға тіс жармауды сұраған деген айыптаулар пайда болды.

Әлеуметтік желілерде «Тағылым» жеке мектебінде 11-сынып оқушысының жарақатын жасырмақ болғаны туралы жазба тарады. Оқушының әпкесінің айтуынша, қыз дәретханада басын унитазға соғып, ауыр жарақат алған. Жазба авторы жариялаған суретте оқушының басы таңылғаны, таңғышта қан дағы көрінеді.

Әпкесінің айтуынша, мектеп қызметкерлері қан іздерін жуып, балаларға ештеңе айтпауды өтінген. Ол қыз бен оның сыныптастарын ештеңе айтпауды өтінгенін, ал зардап шеккен қыз әуелі отбасына жай тайып кеткенін айтқан. Кейін ол сыныптас қыздары жанжал кезінде оны итеріп жібергенін мойындаған.

Туысы мектептің күні бойы зардап шеккен баланың ата-анасымен хабарласпағанын жеткізді. Сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де не болғанын және баланың жағдайын хабарламаған. Отбасы бұл оқиғаны кешке, сыныптас қыздың анасынан білген.

Әпкесінің айтуынша, әдетте ашық мінезді, мектептегі оқиғаларды жасырмай айтып жүретін қыз бұл жолы тұйықталып, ересектер «үндеме» дегендей ештеңе айтпай қойған. 

Атырау облыстық білім басқармасы мектепте барлық тараптар мен куәгерлердің қатысуымен ішкі тексеріс басталғанын хабарлады. Ондағылар мектеп қызметкерлері жағдайға дұрыс әрі жедел әрекет еткенін алға тартады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мектеп қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу дәрігерге баруды талап еткен. Алайда қыз тек ағасымен бірге травмпунктке баратынын айтып, бас тартқан.

Білім басқармасы мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және мұндай жағдай қайталанбауы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Айнұр САПАРОВА

28 қараша, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.