Атырау, 5 желтоқсан 07:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 28 қарашада бірнеше мекенжайда суық су болмайды

253 рет қаралды

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК мәлімдегендей, Сәтпаев даңғылы мен Студенттер даңғылының қиылысындағы Д-500 мм магистралды су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Соған байланысты 2025 жылғы 28 қараша күні сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін бірқатар мекенжайларда суық су беру уақытша тоқтатылады.

Су болмайтын орындар қатарында:

  • «Достық» қалашығы (Американ қалашығы), Владимирский көшесі, №37
  • Сәтпаев даңғылы бойындағы №8–36 аралығындағы үйлер
  • №43 «Арман» балабақшасы, Сейфуллин көшесі, №37
  • Каспий шағынауданы
  • «Жайық жағасында» ТК, «Аспан» ТК
  • Морская, Сейфуллин, Ақжол, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Крупская, Әйтеке би, Пушкин көшелеріндегі үйлер
  • Абай атындағы №15 мектеп, Кіші өнер академиясы, қалалық әкімдік, «Аманат» партиясы филиалы
  • №1 мектеп-интернаты, «Астра» ТК, «Atyrau Dastan Hotel» қонақ үйі
  • Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, облыстық балалар кітапханасы, №17 балабақша
  • №1 қалалық емхана, «Open Clinic» клиникасы, «Адал» сауда үйі, бизнес орталығы, Прикаспий заманауи колледжі
  • «Marriott Executive Apartments Atyrau» қонақ үйі, «Банк ЦентрКредит» және Резиденция ғимараты.
28 қараша, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.