Атырау, 5 желтоқсан 08:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрманғазы ауданында кітапхана жылусыз қалған

225 рет қаралды
Chat GPT арқылы жасалған сурет
Chat GPT арқылы жасалған сурет

Құрманғазы аудандық балалар кітапханасы бір айдан бері жылу жүйесіне қосылмай отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ғимарат іші суық болғаны соншалық, кітап оқуға келген балалар күртеше киіп отырса да тоңған.

«Қысқа толық дайынбыз деп жыл сайын жергілікті әкімдік есеп береді. Бірақ бір айдан бері кітапханада жылу жоқ. Балалар ауырып қалса, оған кім жауап береді?» – деп ренішін білдірді аудан тұрғыны.

Бұл жағдай жария болғаннан кейін ғана түнде жылу қосылды.

«Егер мен бұл мәселені көтермесем, олар қашан қосар еді? Ұлым оқырмандар залында отырып жөтеле бастады», — дейді тұрғын.

Жылу жүйесінің не себепті бір айға кеш қосылғаны туралы жергілікті билік әзірге түсініктеме берген жоқ. Редакция облыс әкімдігіне ресми сауал жолдады. Қазір жауап күтіп отырмыз.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.