Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда қыздар автокөлік жолына жатып алып, бөгеп тастаған

Бейнежазба
469 рет қаралды

Атырауда полиция жаяу жүргіншілер жолында қауіпті бейнетүсірілім ұйымдастырған екі жас қызды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

5 қарашаға қараған түні Атырау қаласында 18 және 21 жастағы екі қыз жаяу жүргіншілер өткеліне әдейі жатып, көлік қозғалысын бөгеп, бұл әрекеттерін видеоға түсірген.

Полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Тексеру нәтижесінде аталған әрекеттер Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу ретінде бағаланып, екі азаматша да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысы полиция департаменті «лайк» пен «контент» үшін жасалған мұндай «шоу» жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті. 

Жаяу жүргіншілер өткелі — ойын немесе көңіл көтеру емес, заңға қайшы әрекет, ол үшін жауапкершілік көзделген.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары барлық жағдайларда сақталуы тиіс екенін еске салады. Жол ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған әрбір азамат заң алдында жауапқа тартылады.


5 қараша, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.