Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 250 грамм мефедронмен ұсталған күдікті қамауға алынды

272 рет қаралды
ChatGPT арқылы жасалған сурет
ChatGPT арқылы жасалған сурет

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» және «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан күдіктіні ұстады.

Ұсталған азамат — 45 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны. Жеке тінту кезінде одан 29 орама табылса, оның көрсетуімен қала аумағынан қосымша 200 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесінде алынған заттардың жалпы салмағы 250 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жариялауға жатпайды. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана анықталады.

5 қараша, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.