Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда зейнеткер әйел «ақырзаман туралы» діни парақшалар таратқан

257 рет қаралды

Атырау қаласында полиция қызметкерлері 66 жастағы зейнеткер әйелді ұстады. Ол Привокзальный шағын ауданында пәтерлерді аралап, ақырзаман туралы мазмұндағы діни парақшаларды таратқан, деп хабарлайды Halyqstan.

Ашық-қызғылт түсті парақшаларда:

«Послѣдній наборъ людей къ Богу изъ всѣхъ сатанинскихъ вѣръ и народовъ», - деп жазылған.

Дін істері басқармасының хабарлауынша, азаматша С. ешқандай діни ұйымға мүше емес екенін және мұндай әрекетті «жүрек қалауымен жасағанын» айтқан.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы (ұсақ бұзақылық, соның ішінде рұқсатсыз материал тарату) және 490-бабы (дін туралы заңнаманы бұзу, яғни діни әдебиеттерді заңсыз тарату) бойынша шара қолданылған.

«Полиция қызметкерлері әйелді бөлімге жеткізді. Тәркіленген материалдар дінтану сараптамасына жіберілді», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Басқарма өкілдері Қазақстанда миссионерлік қызмет заңмен реттелетінін және оны жүргізу үшін арнайы рұқсат қажет екенін, сондай-ақ, діни мазмұндағы материалдарды келісімсіз тарату — әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын атап өтті.

3 қараша, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.