
Атырау облысында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімдігі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы сала ардагерлері мен қызметкерлеріне марапаттар табыс етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Марапат иелері арасында «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медалімен екі, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен үш қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Құрмет» грамотасы бес, ал Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты» он жеті адамға табыс етілді.
Шара барысында 2016 жылдан бері өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының 2025 жылғы облыстық кезеңінің үздіктері де анықталды.
Нұрлыбек Жеңісбекұлы қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіп жатқан жанашырлықтары мен адал еңбектерін атап өтті:
«Біз бір қоғамда өмір сүріп, бір-бірімізге қол ұшын беру арқылы ғана өзімізді бақытты сезінеміз. Сіздер әр күні жүректеріңіздің кеңдігімен адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосасыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!»
Айта кетейік, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі Қазақстанда 2011 жылдан бері аталып келеді.
В Атырау +4 

















