Атырау, 28 қазан 16:13
 дождьВ Атырау +16.5
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Атырауда жергілікті өнімдер жәрмеңкесі өтеді

872 рет қаралды

2025 жылдың 1–2 қараша күндері, сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Атырау қаласындағы Тұрғындар қалашығы шағын ауданындағы «Мұнайшы» стадионының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараға тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары қатысады. 

Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өнімдерді 10–15% жеңілдікпен сатып ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

29 қазан 2025, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.