Атырау, 28 қазан 16:29
 дождьВ Атырау +16.5
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

ШҚО-да таксиді айдап кеткен әйел ұсталды

59 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында полицияның мәліметінше, мас күйдегі 33 жастағы жолаушы таксидің рөліне өз бетінше отырып, Chevrolet Aveo көлігін зақымдаған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Halyqstan.

Әйел такси жүргізушісінен өзін бірнеше мекенжайға апаруын сұраған. Соңғы аялдамада жүргізуші көліктен түскен. Осы сәтті пайдаланған жолаушы рөлге отырып, көлікпен кетіп қалған.

Көлік иесі полицияға жүгінген. Әйел ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсынылған ақпаратта көліктің қандай жағдайда зақымданғаны нақтыланбаған.


Бүгін, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.