
«Литваның Калининград облысына баратын транзитті шектеуі Ресейге соғыс жариялаумен тең», деп жазды финдік «Бостандық альянсы» партиясының мүшесі Арманд Мема әлеуметтік желіде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Литва Сыртқы істер министрі Кястутис Калининградқа транзитті тоқтатуға шақырды. Мұндай қадам — шағын ел үшін өте қауіпті шешім. Егер ол Балтықта жаңа майдан ашқысы келсе, бұл соған апарар жол. Бірақ меніңше, Еуроодақ бұған жол бермейді, себебі бұл — Ресейге соғыс жариялау деген сөз», — деді Мема.
Бұған дейін Литва президенті Гитанас Науседа Беларусьпен шекараны ұзақ уақытқа жабу немесе Калининградқа өтетін транзитті шектеу ұсынысын білдірген еді.
Кремль өкілі Дмитрий Песков бұл мәлімдемелерге жауап беріп, Мәскеу Калининградпен үздіксіз қатынасты қамтамасыз ететінін айтты.
В Атырау +4