Атырау, 31 қаңтар 03:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Илон Маск Wikipedia-ға балама — Grokipedia жобасын іске қосты

385 рет қаралды

Tesla және X (бұрынғы Twitter) компанияларының иесі Илон Маск Wikipedia-ға балама жаңа интернет-энциклопедия — Grokipedia жобасының іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды BBC.

Масктың айтуынша, Wikipedia-да «көп мөлшерде үгіт-насихат пен біржақты ақпарат» бар, ал Grokipedia бұдан таза әрі бейтарап болмақ. Энциклопедияны Масктың жасанды интеллект саласындағы компаниясы xAI басқарады. Дәл осы компания Grok атты нейрожүйені де әзірлеген.

Grokipedia-ның басты бетінде қазіргі уақытта 900 мыңға жуық мақала бар екені көрсетілген. Ал Wikipedia-дағы мақалалар саны 8 миллионға жуық.

Масктың жаңа жобасын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігіндегі жасанды интеллект мәселелері жөніндегі кеңесші Дэвид Сакс қолдады. Оның пікірінше, Grokipedia «ақпараттағы тепе-теңдікті қалпына келтіре алады».

Алайда Wikipedia негізін қалаушылардың бірі Джимми Уэйлс Grokipedia-ның табысына күмән келтіріп, «жанды энциклопедияны жасанды интеллект дәлме-дәл алмастыра алмайды» деп мәлімдеді.

29 қазан 2025, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.