Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 1500-ге жуық адам отбасын қолдау орталықтарына жүгінген

404 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Атырау облысында қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету жалғасуда. Өңірде өткен жылы Атырау қаласы мен 7 ауданда ашылған Отбасын қолдау орталықтары мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

2025 жылдың басынан бері орталықтарға 1500-ге жуық адам жүгініп, 2000-нан астам қызмет түрі ұсынылған. Атап айтқанда, азаматтарға шағын бизнес ашу, мемлекеттік грант алу, жәрдемақы рәсімдеу, тұрғын үй кезегіне тұру, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, сондай-ақ психологиялық және заңгерлік кеңес алу бойынша көмек көрсетілген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері байқалған жандармен жеке жұмыс жүргізіліп, медиаторлар арқылы жанжалдарды шешу жолдары қолданылуда.

Қиын жағдайдағы отбасыларды анықтап, тұрақты қолдау көрсету мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және пробация қызметі мамандарынан құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

— Отбасы саясатын халыққа кеңінен таныту үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық жазбалар жарияланып, баспасөз конференциялары мен телесюжеттер ұйымдастырылды, — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошев.

Бүгінде 174 адам орталықтардың тұрақты бақылауында тұр, олардың 161-і мобильді топтардың көмегімен анықталған.

28 қазан, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.