
Оқиға 26 қазан күні «Үшінші» ықшам ауданында болған.
Көшеде тұсаулы жүрген түйе үркіп, жол бойымен келе жатқан жасөспірімді тапап кеткен.
Абырой болғанда видеода көрініп тұрғандай көмекке келген көлік сигналынан кейін түйе жайына кеткен.
Жәбірленуші аудандық ауруханадан ем алды. Ал түйені қамағанымен иесін таба алмауда.
Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адиновқа хабарласқанымызда ойсылқараның сырғасынан Маңғыстау облысында тіркеліп тұрғанын, бірақ әлі күнге иесі шықпай табылмағанын айтты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4