Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жастар арасында экоакция өтті

258 рет қаралды

«Ретро саябақта» «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экомәдениет – жарқын болашақтың кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараның негізгі мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға жанашырлық таныту және жастарды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу. Қатысушылар кездесуде экология тақырыбында пікір алмасып, волонтерлік бастамалармен танысты және «жасыл» өмір салтын насихаттауға бағытталған жобалар туралы ақпарат алды.

Бағдарлама аясында «Green Step School» экологиялық жобасының арт-көрмесі, шеберлік сағаттары мен таныстырылымдары өткізілді. Жобаның үйлестірушісі Алмат Тағырбергенов экологиялық ойлау қабілетін балалар мен жастардан қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.

«Табиғатты қорғау тек сенбілікпен шектелмеуі керек, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бүгінгі кездесу жастардың «жасыл» бастамаларды іске асыруына түрткі болатын маңызды алаң», — деді ол.

Сонымен қатар, «JerEcoHub» жобасының үйлестірушісі Асылханым Ахмурова экологиялық мәдениетті қоғам дамуының негізгі көрсеткіші деп атады.

«Осындай кездесулер арқылы экобілімді кеңейтіп, жастарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әр адамның шағын қадамы үлкен өзгеріске жол ашады», — деді ол.

Іс-шараны Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

28 қазан, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.