Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет жүргізіледі

333 рет қаралды

Атырау облысында шалғай ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бастама «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда өңірдегі 153 елді мекеннің 146-сы интернет желісіне қосылған. Ал 14 ауылға интернет желісі «Jusan Mobile» АҚ және «OneWeb» спутниктік технологиясы арқылы жеткізілді.

Жаңа байланысқа қол жеткізген ауылдардың қатарында:

  • Исатай ауданында: Амангелді, Ауқайран, Мыңтөбе, Айбас, Жасқайрат;

  • Құрманғазы ауданында: Шайхы;

  • Махамбет ауданында: Бала Ораз, Кеңөріс, Есмахан;

  • Индер ауданында: Қызылжар, Ақтан, Кетебай;

  • Қызылқоға ауданында: Бұқар;

  • Жылыой ауданында: Қараша ауылдары бар.

Облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжановтың айтуынша, биыл байланыс сапасын арттыру бағытында бірқатар ірі жұмыстар атқарылмақ.

«7100 абонентті оптикалық желіге қосу, 31 шақырым талшықты-оптикалық кабель тарту, 156 базалық станцияны жаңғырту және 133 станцияда 5G технологиясын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025–2027 жылдары өңірдің тағы 43 ауылына талшықты интернет желісі тартылады», — деді ол.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарды тұрақты байланыспен қамту үшін облыс аумағында 5 антенна-діңгек құрылысын (АДҚ) салу көзделген. Бұл жобалар бойынша Жылыой, Махамбет және Қызылқоға аудандарында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті сараптамадан өтті.

28 қазан, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.