Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда кейбір мекенжайда су беру уақытша тоқтатылады

362 рет қаралды

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

2025 жылғы 28 қазан күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Самал-1 және Самал-2 шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су беру уақытша тоқтатылады.

Бұл шектеу Н. Үлкенбаев және С. Нармағамбетова көшелерінің қиылысында орналасқан диаметрі 110 мм су құбырына ысырмаларды ауыстыру бойынша апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр.

Су беру уақытша тоқтатылатын нысандардың қатарында:

  • №41 Ә. Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназия (Самал ш/а, А. Кекілбайұлы көш., №15А);

  • №39 «Ақ көгершін» балабақшасы (Самал ш/а, А. Кекілбайұлы көш., №60);

  • «Самғау» балабақшасы (Самал ш/а, №23 көше, уч. №51).

«Атырау облысы Су Арнасы» мекемесі тұрғындардан көрсетілген уақыт аралығында суды алдын ала жинап алуды және түсіністікпен қарауды сұрайды.

28 қазан, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.