Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Екі Alphard — бір нөмер: Өскеменде полиция ерекшы қылмысты әшкереледі

241 рет қаралды
Сурет: polisia.kz

Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard көлігін анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған. 

21 қазан күні "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard көлігі полицейлердің назарына түскен. Тексеру кезінде бұл көліктің шанағының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні анықталды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, полицейлер құқық бұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелерінің арасындағы байланысты анықтап жатыр.

22 қазан, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.