
Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыруға арналған нақты шаралар әзірлеуді тапсырғанын айтып, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын жеткізді.
– Соған сәйкес, енді азаматтар автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алады. Бұл автокөліктерді халыққа қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елдегі KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы автомобиль саласын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін береді. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, еліміздің көліктері әлемдік стандарттарға сай өндіріліп, шетел нарығына шығарылады. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына белсенді ат салысуға дайын, – деді Мемлекет басшысы.
KIA Qazaqstan зауыты 2023 жылы Қостанай қаласының индустриялық аймағында 62,95 гектар аумақта салынуға шешім қабылданған. Зауыт жылына 70 мың көлік өндіруге қабілетті. Инвестиция көлемі 131,5 миллиард теңгені құрайды, ал кәсіпорында 1500 жаңа жұмыс орны ашылған. Өндірілетін көліктер Қазақстанға, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің нарықтарына жеткізіледі.
В Атырау +4