Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Б​ірыңғай Wi-Fi: Қазақстанда ұлттық оператор пайда болады​

178 рет қаралды
Сурет: Canva

Еліміздің қалаларында интернетке бірыңғай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Мұндай жоспарлар туралы Үкімет отырысында баяндалды.

Жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастыруды көздейді. Нақтырақ айтсақ, шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады.

«Біз құрып жатқан инфрақұрылым Қазақстанның ЖИ-экономиканы қалыптастыру бағытын қолдай отырып, жасанды интеллект негізінде цифрлық сервистер мен шешімдерді дамыту платформасына айналуда», — деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының басшысы Қайрат Ахметов.

Бірінші кезеңде жоба 10 қалада 400 орынды қамтиды. 2026 жылға қарай желіні 10 мың қосу нүктесіне дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мыңға дейін кеңейту жоспарлануда.


21 қазан, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.