Атырау, 5 желтоқсан 12:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Су тарифі өңірдің даму деңгейіне байланысты белгіленеді

286 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар халық үшін ауыз су тарифтерін дербес белгілейтін ереже енгізілді. Су тарифінің мөлшері тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика бойынша орташа тариф шегінде болуға тиіс.

Су кодексіне сәйкес, мәслихаттарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне және сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерге қарай ауыз судың 1 текше метріне төлем мөлшерін реттеуге рұқсат етіледі.

«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар халық үшін төлем мөлшерін айқындау жұмыстарын жүргізуде», — деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бір адамға тәулігіне 140 литр көлемінде су тұтыну нормасы бекітілді, ал одан асып кеткен жағдайда, тұтынушы артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейді.

20 қазан, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.