Атырау, 5 желтоқсан 12:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​АҚШ-та ірі көлемде кокаин туралы іс бойынша Қазақстанның еі адамы ұсталды

264 рет қаралды
Сурет: facebook.com/sheriffchamberstx

Техас штатының Чемберс округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, 2025 жылғы 27 қыркүйекте арнайы тергеу бөлімі есірткімен күрес басқармасымен бірлесіп, I-10 тасжолында автотасымалдаушы көлікті тексеру кезінде 35 келі кокаин тапқан. Есірткі көліктің құрылымына мұқият жасырылған деген хабарлама офис шерифінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған, деп хабарлайды Tengritravel.kz

Ведомствоның мәліметі бойынша, көлік жүргізушісі Нью-Йорктен Нұрсұлтан Мұқтарәлі, ал жолаушы Пенсильваниядан Мұхит Дәнібеков ұсталған. Оларға аса ірі көлемде есірткі сақтады деген айып тағылған. Екеуі де Чемберс округінің түрмесіне қамалған. Кепіл ақысының мөлшері әрқайсысына 200 мың доллар деп белгіленген.  

Ұсталғандардың бірінің ағасы Жомарт Дәнібеков олардың кінәсіз екенін айтып, мәлімдеме жариялады. Оның айтуынша, олар көлік тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер. Олар өздері тасымалдап келе жатқан көлікте есірткі барын білмеген. Қазір олардың отбасылары кепіл ақысына және адвокат қызметін төлеу үшін қаражат жинап жатыр. Ол бауырының үш кішкентай қызы бар, жұбайы ауыр науқас екенін де айтты. 

Қосымша ақпарат алу үшін редакция Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Әзірге ресми хабарлама болған жоқ. 

20 қазан, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.