Атырау, 5 желтоқсан 12:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Алматы прокуратурасы 71,9 га жерді мемлекет меншігіне қайтарды

174 рет қаралды
Фото: freepik.com


Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізді.

 
Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
 
16.07.2025 жылғы прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды.
 
02.10.2025 жылы апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырды.
 
Осылайша, құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.
 
Жер ресурстарын заңсыз пайдалану фактiлерiн анықтау және жолын кесу жөнiндегi жұмыстар жүйелi және бірізді сипатқа ие.

20 қазан, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.