
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы егіс алқабы 16 млн гектардан асса, бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірушілері 3 млн тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп (гектарына 225,3 ц өнімділікпен) және 3,9 млн тонна көкөніс (гектарына 305,1 ц өнімділікпен) жинады.
Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1 047,7 мың тонна пияз және 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз алынған.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай жүргізілуде.
В Атырау +3