Атырау, 5 желтоқсан 12:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Lenovo Қазақстан" директорын​ өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды

426 рет қаралды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында еліміздің азаматы ұсталды. Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қылмыс техника жеткізуге байланысты қарыздық міндеттемелерді орындамау салдарынан туындаған.

2024 жылдың күзінде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған азаматты өлтірген. Бұған дейін бұл қылмысты тікелей орындаған тұлғалар да қамауға алынған болатын.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

17 қазан, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.