
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-та жарияланып жатқан Елбасының жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына қатысты ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.
Үкібайдың айтуынша, соңғы кезде Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жалған деректер жиі жарияланып кеткен.
"Сара Назарбаева сәуірден бері Алматыдағы президент істері басқармасына қарасты ұлттық медицина орталығында емделіп жатыр. Барлық медицина шаралары медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес отандық мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр», – деп жазды Үкібай.
Сөз соңында баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты ақпаратты жариялағанда тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырды.
В Атырау +3