Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Камчатка жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

293 рет қаралды

17 қазаныда Камчатканың шығыс жағалауында, Тынық мұхиты акваториясында 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы АА Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің аймақтық филиалына сілтеме жасап хабарлады.

Сейсмикалық дүмпу жергілікті уақытпен 13:25-те тіркелген. Эпицентрі Петропавловск-Камчатский қаласынан 103 км қашықтықта орналасқан, ал жер сілкінісінің ошағы теңіз түбінен 48 км тереңдікте болған.

Ресей ТЖМ мәліметінше, Петропавловск-Камчатский мен Елизово қалаларында жер сілкінісі 4 баллға дейінгі күшпен сезілген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Камчатка өлкесінің ТЖМ басқармасы Ключевская сопка жанартауына жақындамауға шақырды. Бұл шешім Ресейдің жер сілкіністерін болжау жөніндегі сараптамалық кеңесінің шұғыл отырысында қабылданған.

KVERT (жанартаулық белсенділікке әрекет ету тобы) мәліметінше, Ключевскаяда парогазды белсенділік жалғасуда, кейде күл аралас атқылау байқалады.

Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалының деректеріне сәйкес, жанартауда вершиналық атқылау, стромболиандық белсенділік және лавалық ағынның төгілуі мүмкін.

Сондай-ақ теңіз деңгейінен 8 км биіктікке дейін күл таралуы ықтимал. 24 қазанға дейін Усть-Камчатск, Мильково және Быстринск аудандарында күл жаууы мүмкін.

Қазіргі таңда Ключевская жанартауы бойынша:

  • Авиациялық қауіп коды — «қызғылт сары»
  • Сейсмикалық қауіп коды — «қызғылт сары»

ТЖМ өкілдері жергілікті тұрғындар мен туристерге жанартау маңына өз бетімен бармауға және шыңға шығудан бас тартуға кеңес берді.

17 қазан, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.