Атырау, 5 желтоқсан 12:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік елден шығарылды

363 рет қаралды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында 13–17 қазан аралығында республикалық деңгейде "Заңсыз келуші–2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу және жолын кесу. 

Іс-шараның алғашқы үш күні ішінде 364 құқық бұзушылық анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде: 

Қазақстан Республикасынан кету мерзімін өткізіп алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – 110 дерек; Е

лден он тәуліктен астам уақыт бойы кетуден жалтарғандар – 133 дерек; 

Визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін еңбек қызметін атқарған, не еңбек етуге рұқсатсыз жұмыс істеген шетел азаматтары – 116 дерек; 

Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 106 дерек; 

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері – 14 дерек. 

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 39 шетел азаматы елден шығарылды, ал ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция департаментінің мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, шетел азаматтарының ел аумағында болуын бақылауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

17 қазан, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.