Атырау, 17 қараша 18:25
 ашықВ Атырау +3
$ 522.19
€ 606.42
₽ 6.47

Атырауда ​Республика күні қарсаңында «Жеңілдіктер түні» өтеді

356 рет қаралды

25 қазанда аталып өтетін Республика күні қарсаңында мерекеге орай Атыраудағы "Сарайшық" базарында «Жеңілдіктер түні» акциясы ұйымдастырылады.

Бұл акция 17 қазанда сағат 18:00-де басталып 23:00-ге дейін жалғасады. Бұл кеште қала тұрғындары үшін жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдері арзан бағада ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады. 

Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да азық түлік 15% жеңілдікпен сатылады. 

"Шараның басты мақсаты – азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынып, жергілікті шаруа қожалықтарына қолдау көрсету", - дейді ұйымдастырушылар.  
16 қазан, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.