Атырау, 17 қараша 18:11
 ашықВ Атырау +3
$ 522.19
€ 606.42
₽ 6.47

Екінші мүмкіндік: Атырауда бұрын сотталғандарды жұмысқа орналастырып жатыр

320 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен "Жаңа жол" акциясы аясында қоғамға бейімделуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Акцияның басты мақсаты – пробациялық есепте тұрған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. 

Атырау қалалық полиция басқармасы пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті.

Сондай-ақ Атырау облысы Мақат ауданында екі азамат жергілікті кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлеуметтік бейімделу мен еңбекке тартуды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жалғасады. 

Алдағы уақытта қалалық және аудандық полиция бөлімдері өзге де пробациялық есептегі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлы шараларды жүзеге асыратын болады. "Жаңа жол" акциясы 2025 жылғы 6 қазан мен 6 қараша аралығында өткізіледі.

16 қазан, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.