
Энергетика министрі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдау мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба құжаты бойынша, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу көзделген.
Тыйымның мақсаты – 2025 жылғы 14 қарашадан бастап республика ішкі нарығын сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұған дейін сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйымды ұзарту туралы шешім Сыртқы сауда жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлданған еді.
В Атырау +3