Атырау, 5 желтоқсан 12:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматы облысында қызды зорлады деген күдікпен жеті жасөспірім анықталды

225 рет қаралды

Алматы облысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында қызға топтасып зорлық көрсеткен деген күдікпен жеті жасөспірім ұсталды.

Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева хабарлады

«Кәмелетке толмаған жеті жасөспірім анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Дүйсенбіден бері оқиға орнында облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді Зәкиева.

Оқиға жеке үйде орын алған. Әлеуметтік желіде видео пайда болғаннан кейін қоғам назарын аударды

Тергеу мәліметтері бойынша, бір топ жасөспірім мектеп оқушысына қатысты азғын әрекеттер жасап, болған оқиғаны камераға түсіріп алған. Ол бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция дереу тексеруді бастады.

Зардап шеккен оқушы оқитын мектептің директоры оқиға туралы 13 қазанда хабарлап, бірден полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, зардап шеккен қызға және оның отбасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 

16 қазан, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.