Атырау, 5 желтоқсан 13:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оралда 45 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды

212 рет қаралды
Фото: freepik.com

Оралда 45 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы Орал қаласының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел табысты арттырамын деген желеумен Бөрлі ауданы тұрғынының жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын ақшасын алдап алған. 

Қаражат 2023 жылдың шілде айынан бастап 2025 жылдың қазан айына дейін берілген, бұл жәбірленушіні ұзақ уақыт және жүйелі түрде алдап келгенін көрсетеді.

Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.

16 қазан, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.