Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Пәкістан мен Ауғанстан 48 сағаттық атысты тоқтату туралы келісімге келді

229 рет қаралды

Пәкістан мен Ауғанстан 48 сағаттық атысты тоқтату туралы келісім жасады, деп хабарлайды Forbes.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі екі тарап «осындай қиын, бірақ шешілетін жағдайға» позитивті шешім табу үшін шынайы күш жұмсайтынын мәлімдеді.

Агрессия шекарада өткен демалыс күндері қайта жалғасқан болатын. Кабул бірнеше әскери бекетке шабуыл жасалғанын, 58 пәкістандық сарбаз қаза тапқанын хабарлаған. Пәкістандық әскерлер өз есебінде 23 сарбаз қаза тапқанын жеткізіп, жауапты от аясында шекарада 200-ден астам «Талибан» мүшесі мен оларға байланысы бар лаңкестер жойылғанын мәлімдеді.

Associated Press агенттігі хабарлағандай, Сауд Арабиясы мен Қатардың үндеулерінен кейін қақтығыстар 12 қазанда уақытша тоқтаған. Алайда 15 қазанда қайтадан жаңа қақтығыстар басталды. Кабулдың айтуынша, Пәкістанның артиллериясы Спинбулдак ауданына шабуыл жасап, 12 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған. Ауған күштері жауап ретінде көптеген пәкістандық агрессорларды жойып, олардың бекеттері, әскери құрал-жабдықтары мен танктерін иемденген.

The News International газеті хабарлағандай, атысты «Талибан» және ауғандық күштер бастап, шекарада бірінші болып оқ атуға көшкен. Пәкістан әскерлері жауап беріп, бірнеше «Талибан» бекетіне ауыр соққы берді. Сонымен қатар, Пәкістандағы Куррам округінде ауғандық пост пен танк жойылған, ірі жаттығу базасы бұзылған.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы 2021 жылы АҚШ әскерлері елден шыққаннан кейін билікке келген. еді Сол уақытта бұрынғы президент Ашраф Гани елден кетіп қалған.

16 қазан, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.