Атырау, 19 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қазақстан азаматы «Питер FM» студиясын басып алмақ болған

254 рет қаралды

© Life.ru

«Питер FM» радиостанциясының қызметкерлері 52 жастағы Қазақстан азаматы қауіпті әрекет жасап, студияға кіруге талпынған соң полиция шақырған.  Алдымен ол өзін курьер ретінде таныстырған.

«Фонтанка» басылымының мәліметінше, азамат эфирге шығып, белгілі пацифистік ұран айтуға ниеттенген. Алайда оның агрессивті әрекеттерінен кейін қызметкерлер оны ұстап, полицияға тапсырды.

Бағдарлама директорының айтуынша, бастапқыда бұл оқиға аса мән беруді қажет етпейтіндей көрінген. Бірақ кейін тексеру барысында оның рюкзагынан байлағыштар (хомуты-стяжки) табылған. Өз сөзінде ол радио қызметкерлерін бейтараптандырып, микрофонға жетуді жоспарлағанын мойындаған.

«Питер FM» оның екінші нысаны болған — бірінші радиостанцияға күзет өткізбегендіктен, кіре алмаған. Полиция оқиғаға аса мән беріп, ғимаратты кинологтар тексерді, жарылғыш зат табылмады. Алдын ала мәлімет бойынша, Нұрлан есімді азамат жеке әрекет еткен және ешқандай ұйыммен байланысы болмаған.

Қазіргі таңда Қазақстан азаматы полиция бөлімінде «кішігірім бұзақылық» бабымен жауапқа тартылды. Алдағы уақытта оған қарсы қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.

16 қазан, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.