Атырау, 5 желтоқсан 13:12
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда «Мықты маман – мықты ел» атты көрме өз жұмысын бастады

Бейнежазба
436 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау қаласында «Мықты маман – мықты ел» атты республикалық онлайн-симпозиум көрмесі өтті. 

Оған Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларынан және өңірден барлығы 15 қылқалам шебері қатысты. Қатысушылар берілген тақырып аясында өз туындыларын жасап, көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараны Атырау облысы әкімдігі мен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қолдап, Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі ұйымдастырды. 

Көрмені облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев ашып, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Симпозиум қорытындысы бойынша әрбір қылқалам шеберіне 600 мың теңге сертификат табыс етіліп, тың туындылар музей қорына қабылданды.


16 қазан, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.