
Атырау облыстық сот жүйнесінде кадрлық өзгерістер болды.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен Ерғазиев құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметінен босатылды.
Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына Зәуре Қазақбай Атырау қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды, Гүлназ Тұрғанова Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Атырау қалалық сотында да судьялар ауысты. Оның бұрынғы төрағасы Жасұлан Жақсылық Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Ал оның орнына бұрын Қызылқоға аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Айдын Байназаров тағайындалды.
Алма ҚАЛУСАРИЕВА
Суреттер облыстық соттың баспасөз қызметінен
В Атырау +3 


