
Шымкентте №1 клиникалық аурухана дәрігерлері досымен бәстесіп, 26 қаламды жұтып қойған ер адамды өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, 38 жастағы дардай еркек бәсті жеңемін деп 26 қаламды бірінен соң бірін жұта салған. Кішкенеден кейін іші ауырып, ауруханаға жеткізілді.
Тексерген дәрігерлер оның асқазасынан бөтен зат байқап, оның қалам екенін анықтады. Дәрігерлер оның ішін тілмей, эндоскопия арқылы асқазанынан 26 қалам алып шықты.
Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне шығарды.
Дәрігерлер ересектерге бұндай қауіпті әрекеттерден аулақ болған жөн деп кеңес береді.
В Атырау +3